Елімізде орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Егемен Қазақстан
693
оқылды

Биылғы мереке 20 қазанға сәйкес келіп отыр, - деп жазады Aikyn.kz.

Бұл мереке орман шаруашылығымен айналысатын мамандар еңбегінің маңыздылығын және олардың елдің орман ресурстарын қорғауға және қалпына келтіруге қосқан үлесін атап өтуге арналған.

2017 жылдан бері қазан айының үшінші жексенбісі Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні деп белгіленген. Бұл күні біз Қазақстанның ормандарына күн сайын қамқорлық жасайтын, олардың қорғалуына және өсімін молайтуға ықпал ететін адамдардың еңбегін атап өтеміз. Орман шаруашылығы қызметкерлері біздің табиғи байлығымыз бен экологиялық тепе-теңдігімізді сақтауға бағытталған маңызды миссияны орындайды. Олардың еңбекқорлығы мен кәсібилігі жауапты азамат – «Адал азаматтың» қасиеттерін бейнелейді.

Айта кететін жайт, елімізде 160 табиғат қорғау мекемесі мен кәсіпорны бар. Ол жерлерде 17,4 мыңға жуық орманшы жұмыс істейді.