Алан Оралбек Тиранада өтіп жатқан (U23) әлем чемпионатында үшінші орынға таласады.
Күрестен әлем чемпионаты: Алан Оралбек қола жүлде үшін күреседі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
726
оқылды

Алан Оралбек әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.       

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, еркін күрестен Қазақстан құрамасының спортшысы Алан Оралбек Тиранада өтіп жатқан (U23) әлем чемпионатында үшінші орынға таласады.

 Отандасымыз жартылай финалда үндістандық қарсыласына жол берді. Есеп: 0-8.

Айта кетейік, еркін күрестен Ұлттық құраманың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) ақтық сынына шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.