Мәйіт сараптамаға жіберілді.
Оралда өзен жағасынан жас жігіттің мәйіті табылды
422
оқылды

Оралдағы Шаған өзенінің жағалауынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 1 қараша күні Шаған өзенінің жағасындағы Жас натуралистер стансасы маңынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мәйіт сараптамаға жіберілді. 

Жігіт өзеннен балық аулаған. БҚО Полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, аса сақ болуды ескертеді,  делінген хабарламада.