Айтуынша, сағат 16.00-де қаланы қараңғылық басады.
"Түскі 16.00-де Алматыда қараңғы": Ерке Есмахан уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
3,293
оқылды

Әнші Ерке Есмахан Алматы қаласын қараңғылық ерте басатынын, күзді қимай жүргенін айтып жазба қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, сағат 16.00-де қаланы қараңғылық басады.

"Ислам екеуіміз күзді қимай жүрміз. Бірақ мына сағат тілі біздің режимге сай келмей жатыр. “Таң атса болды, күн батты” деген әннің тура мағынасы боп тұр. Сағат түскі 16.00-де Алматыда қараңғы. Қыста не боламыз?", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.