Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысуда.
Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды
2,288
оқылды

15 қараша күні, Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Республикалық турнирдің бірінші айналымында сенсация болды. 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқанат Серікбаев жарыстан шығып қалды. Оны жарыстан Талғат Орынбасар шеттетті. Айта кетейік, 2023 жылы бұл салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағын Серікбаев жеңіп алған еді.

Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысуда. Жарыс 18 қарашада аяқталады.

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі маусымға Қазақстанның құрамы жасақталады.