Барлық зардап шеккендер Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді.
Ақтауда көлік апатынан үш адам жарақат алды
Ашық дереккөз
618
оқылды

Ақтау қаласының Приморский тұрғын үй массиві маңында екі көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Aikyn.kz

«Жол апаты 22 қараша күні болды. Маңғыстау облыстық жедел медициналық көмек қызметінің мәліметінше, апаттан екі әйел мен бір ер адам жарақат алған», деп жазылған Lada.kz сайтында.

Апаттан 1966 жылы туған әйел, 1988 жылы туған ер адам, 1985 жылы туған әйел зардап шекті.

«Барлық зардап шеккендер түрлі деңгейдегі сүйек сыну жарақаттарымен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр»,  деп жазады басылым.