Ол бұған дейін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған.
Мас күйінде трактор айдаған азамат екі жылға сотталды
www.istockphoto.com
1,150
оқылды

Алматы облысы Райымбек аудандық сотында көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған азамат мас күйде қайта көлік басқаруына байланысты іс қаралды.

Алматы облысы Райымбек аудандық сотының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың тамызында бұрын өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған сотталушы мас күйінде мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ тракторды басқарып, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзған.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деп хабарлады аудандық сот.

2022 жылдың 12 қыркүйегіндегі Райымбек аудандық сотының үкімімен сотталушы дәл осы бап бойынша сотталып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.