Фильм 11 қаңтар күні YouTube-қа салынады.
"Зәкең болған соң ешбір арна қабылдамады":  Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрын түсірген фильмі неге көрсетілмегенін айтты
13,036
оқылды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы өзіне арнап түсірілген фильмнен үзіндіні Instagram парақшасына жариялады.

Әншінің айтуынша, кино ішінде Заманбек Нұрқаділов болғандықтан жарыққа шықпай қалған. Өнер иесі ауылына барып, балалық шағының өткен жерімен таныстырды. 

– “Ты моя мелодия" деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда”, – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ өнер иесі отандық арналардың әлі күнге дейін алалайтынын жасырмады. 

“Ұлттық арна ғана жаңажылдық түсірілімге шақырды. Екі ән айттым. Екіншісі Әлішер Кәрімовпен дуэт орындадық. Басқа арналар шақыра қойған жоқ. Етіміз үйреніп кеткен. Ешқандай ренішіміз жоқ. Жастар өсе берсін”, – деп жазды ол. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)