Тұрғындары бірнеше күн бойы далаға шығудан қалған.
Қолайсыз метеожағдай: Өскемендегі ахуал оңалмай тұр
ratel.kz
525
оқылды

Өскемен қаласында бүгін де қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып тұр, - деп хабарлайды Aykin.kz.

Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. ШҚО Экология департаменті ҚМЖ қараша айының соңына дейін созылатындығын мәлім еткен. Алайда 1 желтоқсан, яғни бүгін де әлі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып тұр. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, қала бойынша екінші дәрежелі ҚМЖ қалыптасқан.

Айта кетейік, Өскеменде ауа сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Оның құрамына Экология департаментінің мамандары, қоғам белсенділері, метеорологтер, сарапшылар мен облыстық мәслихат депутаттары кірді. Комиссия мүшелері таяуда Защита шағынауданы мен Мирный кентінде болып, ауа сапасын тексергені хабарланған.

Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәселенің себеп-салдары мен оны шешу үшін шаралар атқарылып жатқанын айтқан.