Келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.
Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының келесі айналымына өтті
Фото: olympic.kz
457
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.

Ал тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.

 Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.