Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы, маңғыстаулық спорт­шы Нұрсұлтан Жұбатқан жеңісі үшін сыйға алған 1 миллион теңгені балалар үйіне қайырымдылыққа бер­ді.
Маңғыстаулық спортшы жүлдесін балалар үйіне берді
231
оқылды

Нұрсұлтан Жұбатқан бұл қара­жат балалардың жақсы білім алуына, денсаулықтарын жақ­сар­туға және болашақта өз орнын табуына көмек болады деген се­нім білдірді. 

«Әлем чемпионатында жеңіс­ке жеткенімде, менің қуанышым­мен қатар, сол жеңісті балалармен б­ө­лісу ниетім болды. Алдағы ме­ре­келерде балалардың жүз­де­рін­дегі күлкі мен қуаныштың көрінуі мен үшін үлкен бақыт. Спорт тек күш-жігерді арттыру үшін ғана емес, мейірімділік пен ын­ты­мақ­тастықты насихаттайтынын көр­сеткім келеді. Осы арқылы біз өзі­міздің қоғам алдындағы жауап­кер­шілігімізді сезініп, болашақ ұрпаққа үлгі болуға тырысамыз. Сон­дықтан менің бұл ісім бала­лар­ға шабыт беріп, олардың ар­ман­дарына жетуге көмектеседі де­ген сенімдемін», – деді әлем чем­пионы. 

Маңғыстау облыстық маман­дан­дырылған балалар үйінің бас­шысы Сәру Ермұханова Нұр­сұл­тан Жұбатқан әлем чемпионы ре­тінде өз сыйын ұсынған алғаш­қы адам екенін айтты. 

«Біздің өңірімізден осындай чем­пион шыққанына өте қуа­ныш­тымын. Нұрсұлтан Жұбат­қан­ды балалармен таныстырып, сол сияқты ел намысын қорғай­тын жеңімпаз болсын деген тілек білдірдік. Ата-анасына, жеке жат­тықтырушысына алғыс айта­мын. Жеңістің жеңісіне, шыңның шыңына жете берсін», – деді Сәру Ермұханова.