Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы “Дариға – жүрек” әнін шырқап, көпшілікті таңғалдырды.
"100 мың лүпіл жинасам, клип түсірем": Ләйлә Сұлтанқызы тағы бір өнерімен халықты таңғалдырды
Фото: instagram.com/ @sultankyzy
1,171
оқылды

Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы “Дариға – жүрек” әнін шырқап, көпшілікті таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мен емес, жасанды интеллект қой айтып отырған, десең иә?! Жасанды интеллект дамыған заманда бай болғыңыз келсе, мынадай қасиет болу керек екен: Икемділік – өзгерістерге бейімделіп, жаңа технологияларды тез меңгеру. Шығармашылық – стандарттан тыс ойлап, жаңа идея, шешімдер ұсыну. Үздіксіз оқу – білім алуды тоқтатпай, дағдыларды жаңартып отыру. Тәуекелшілдік – жаңа бастамаларды жүзеге асыруда қорықпау. Тез әрекет ету.

Мықты коммуникация – адамдармен тез байланыс орнатып, ынтымақтастық құра алу. Мәселе шешу қабілеті – күрделі жағдайларда шешім таба білу”, – деп жазды журналист. 

Сондай-ақ ән салып отырғанда Димашқа ұқсап кететінін де әзілмен жеткізді.

“Несі бар, өзіме Димаштың дауысындай естіліп тұр. 100 мың лүпіл жинасам, клип түсірем”, – деп әзілдеді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.