Әкімшілік кодекстің 592-бабына өзгеріс еніп, "3-1"-тармағы қосылды және 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді.
Көлік жылдамдығын асыратындарға қатысты жаңа айыппұл күшіне енді
463
оқылды

Белгіленген шектен 60 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен жүрген жүргізуші 40 АЕК (2024 жылы 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kolesa.kz-ке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, тасжолдардағы камералар көліктің орташа жылдамдығын да есептей бастады. Орташа жылдамдықты түзу учаскедегі камералар тіркейді және қашықтықты еңсерген уақытқа бөледі. Айыппұл мөлшері жылдамдықты қаншалықты асырғанына байланысты 5-40 АЕК арасында болады.

"Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес, көлік құралын басқару құқығы жоқ және ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған тұлға көлікті мас күйінде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде) басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылса, 7 жыл жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға жіберілмейді", – делінген басылымның хабарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.