Іс-шара Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ қолдауымен өтті.
Өзбекстанда қазақстандық өнімдер павильоны ашылды
648
оқылды

Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арасындағы сауда байланыстарын нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасындағы «Айритом» АЭА аумағында орналасқан «Термез» халықаралық сауда орталығында қазақстандық өнімдер ұсынылған павильон ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, іс-шара Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ қолдауымен өтті.

Салтанатты рәсім аясында қазақстандық тарап пен «Айритом» АЭА дирекциясы арасында сауда павильонын жалға алу туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтардағы үлесін арттыруға және сауда-саттықты дамытуға жасалған маңызды қадам болды.

«Термез» Халықаралық сауда орталығы кәсіпкерлер үшін қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру, логистиканы жақсарту және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін құрылған. Жаңа павильон қазақстандық тауарларды Өзбекстан мен Ауғанстан нарығына шығаруға арналған маңызды платформаға айналып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Қазақстандық компаниялар павильон базасында өзара келісімдер жасап, ынтымақтастық орнатады. Мұнда бизнесті кеңейтуге және көрші елдердің нарығында өнімдерді ілгерілетуге барлық жағдай жасалған. Отандық өндірушілер өз өнімдерін павильонға орналастыру үшін «QazTrade» АҚ-ға хабарласа алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.