Жақсылық Омар 27 қараша күні өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Өскемен қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын.
Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды
1,812
оқылды

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Енді ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың кеңесшісі қызметін атқаратын болады.

Еске сала кетейік, Жақсылық Омар 27 қараша күні өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Өскемен қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын. 

Ал бүгін 11 желтоқсанда Өскеменнің жаңа әкімі болып Алмат Ақышов тағайындалды.