Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті
1,038
оқылды

Қырғызстан полициясы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде жоғалып кеткен қазақстандыққа қатысты анықтама жариялады. Оның жоғалып кеткенін әкесі айтқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

24.kg агенттігінің мәліметінше, қазақстандық ер адамды Шу облысының ішкі істер департаменті іздестіріп жатыр.

– Полицияға Қазақстан азаматы хабарласып, оның 1997 жылы туған ұлы Әлібек Саматулының жоғалып кеткені туралы айтты. Ол 14 қарашаға қараған түні қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінде жоғалып кеткен, – делінген хабарламада.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 174 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қысқа және бетінде мең бар. Ерекшелігі – сол аяқтағы тыртық. Жоғалып кеткен кезде оның үстінде қара спорт костюмі және жеңінде қызыл жолағы бар ақ жиекті қара күрте болған.

Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.