Муайтай федерациясы 20 жастағы Әли Серіктің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.
Алматыда муайтайдан әлем чемпионын өлтіріп кетті
Фото: instagram.com/muaythai_qazaqstan/
605
оқылды

Муайтай федерациясы 20 жастағы Әли Серіктің қаза болғаны туралы ақпаратты растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Алматы қаласынан қаралы хабар келді. Муайтайдан ересектер арасында әлем чемпионы Әли Серік   бұзақылар қолынан қаза тапты. Чемпионымыздың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бекем болыңыз", – делінген Қазақстан муайтай федерациясының ресми парақшасында.

Әли Серік муайтайдан 17 жасында әлем чемпионы атанған. Ол 2022 жылы Абу-Дабиде   ересектер арасында өткен жарыста қарсыластарынан басым түсіп, топ жарған. Спортшы 10 балалы отбасынан шыққан. Болашағынан үміт күттіретін спортшы талай жарыстарға қатысып, топ жарып жүрген. Жас спортшы муайтайдан олимпиада чемпионы болуды армандаған. Спортшы небәрі 20 жаста болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.