Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева Семейде шырша безендіру кезінде жарақат алған мұғалімнің қазіргі жағдайы қалай екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Мүғалімнің жағдайы жақсарып келеді. Қазір ол есін біледі, медициналық көмек алып жатыр. Жарақат алған күні оған шұғыл ота жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінен шығарылды және қабынуға қарсы ем жүргізілуде. Жарақат ауыр болғандықтан, қалпына келу процесі біраз уақытты қажет етеді", – деді Г. Сәрсенбаева Мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, 22 желтоқсанда Семей қаласының шыршасын безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шыршаны безендіріп жатып құлаған мұғалімге қатысты пікір білдіріп, бұны заңбұзушылықтың айқын көрінісі деген болатын. Осы жағдайдан кейін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.