Көлік министрлігі Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты мәліметтерді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған", – делінген ақпаратта.
media.az хабарлауынша, апаттан 10 адам тірі қалған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында ұшақ құлағаны хабарланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.