Ақтау маңында құлаған ұшақтан 12 жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді,
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 12 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: 24.kz
234
оқылды

Ақтау маңында құлаған ұшақтан 12 жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

«Қазақстандық тараппен байланыс орнатылды, оқиға орнында қазақстандық төтенше құтқару қызметі тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр», – делінген AZAL әуекомпаниясы хабарламасында.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

media.az хабарлауынша, апаттан 10 адам тірі қалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.