Оқиғаға Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақтан ақау шықты
Фото: istockphoto.com
4,075
оқылды

Ақтау әуежайында ұшаққа қатысты мәселе туындағаны туралы ақпарат Tengrinews.kz редакциясына түсті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Оқиғаға Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Ақау Бакуден (Әзербайжан) Ақтауға шыққан ұшақта болған. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған.

"Қону штаттық режимде өтті, қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы тірегінде (Баку-Ақтау бағыты) ақау туындады", – деп хабарлады ведомство.

Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды.

– Әуежай ашық және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп қосты министрлік.

Мәселе Gulfstream жеке ұшағына қатысты болған.

Ұшақтың мұрындық тірегі – бұл әуе кемесінің алдыңғы бөлігінде (фюзеляждың тұмсық жағының асты) орналасқан шасси бөлігі. Ол ұшақтың жер бетінде тұрақтылығы мен басқарылуын, сондай-ақ ұшу мен қону кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.