Әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу бойынша күдікке ілінген.
Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды
1,120
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу бойынша күдікке ілінген.

– Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.