Бұл оқиға ел ішінде резонанс тудырып, жиі талқыланды, деп жазады Aikyn.kz.
- Қанша жерден мал құлағы саңырау десек те, бұл сұмдықты ел білу керек. Астаналық 21 жасар жігіт өз отбасын қырып салды. Ойынның соңына түскен геймер түнгі 3:00 болғанын да білмеді.
— Телефонды қой! Осы ойынды ойнамашы, ұйықтайық, - деп ескертеді тәтесі.
Бұл ескерту, әлбетте, ойынқұмарға жақпай қалады. Бәрі ұйықтағанымен, ол ұйықтамады. Есіл-дертін жаулаған онлайн-ойынның көмегімен жымысқы пиғылын іске асырды. Бір үйде тұратын жақын туыстары ұйықтады-ау дегенде, бәрін тамақтан орып, пышақтап тастады, - делінген жазбада.
Дерекке қарағанда, жас жігіт алдымен бауырына бас салады, оған 20 жерден пышақ салып үлгеріпті. Жақын бауыры сол жерде қайтыс болады, туыс қарындасы мен екі апасы қазір ауруханада. Жағдайлары ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғады.
- Әлеуметтік желіде жігіт Standoff2 ойынына баспен кіріп кеткен деседі. Ұлтқа зиян, елге жау, адам психикасын улайтын қатыгездікке толы ойындарға неге тосқауыл жоқ? - деп жазды журналист.
Желі қолданушылары адамның психикасына кері әсер ететін онлайн ойындарға тыйым салу керегін жазуда.