Тоқаев арандатушы ақпарат таратып, халықты дүрліктіргендер заң жүзінде жазаланатынын айтты
Тоқаев арандатушы ақпарат таратып, халықты дүрліктіргендер заң жүзінде жазаланатынын айтты
© А. Мұрзанов
246
оқылды
Елімізде коронавирусқа қатысты арандатушы ақпарат таратып, халықты дүрліктіргендер заң жүзінде жазаланады, - де мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде. «Арандатушы ақпарат таратып, халықты дүрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Қазақстанның барлық азаматын сабыр сақтап, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырамын. Халқымыздың рухы күшті, әсіресе бүгінгі күні бізге оптимизм қажет және өмірге позитивті қарау аса маңызды», - деді Мемлекет басшысы коронавирусқа қатысты үндеуінде. Сондай-ақ, ол қазақ халқы талай сынақтан бірліктің арқасында өткенін айтты. «Біз тарихымызда басымыздан небір қиындықтарды өткізген халықпыз, сол сынақтардан ең алдымен береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін. Халқымыз – аман, жұртымыз – тыныш болсын. Біз біргеміз!», - деді ол. Айта кетейік, кеше Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланды.