Семейде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
48 келіде Әйгерім Сәттібаева мен Анель Құдайберген финалдық жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек нәтижесі бойынша, Әйгерім Сәттібаева айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп: 5:0. Осылайша, Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионатының алтын медалін, ал Анель Құдайберген күміс медалін иеленді.
Боксшы Әйгерім Сәттібаева 15 жылдан кейін чемпион болып отырғанын айтты. Ол бес баланың анасы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.