ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.
ТЖД қызметкерлері қиындыққа тап болған 3 адамды құтқарды
247
оқылды

Қостанай облысының Қарасу ауданында қар құрсауында қалған үш азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құтқарушылар оқиға орнына жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен жедел жетіп, жеңіл автокөліктен үш жолаушыны құтқарды. Құтқару орнына жету үшін құтқарушылар 90 шақырымды еңсеруге мәжбүр болды. Құтқарылғандар Есіл қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. 

Оқиға орнына барған құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, оларды С.Серік  атындағы мектеп-интернаттың жылыту пунктіне орналастырды.

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.