Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Давоста не туралы сөйлескені белгілі болды
374
оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы БАҚ өкілдерінің Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Америка президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. 

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.