Алғашында сағат 15:00-ге белгіленген сот отырысы конвойдың кешігуіне байланысты сағат 16:00-ге шегерілді.
Резонансты іс: Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот жабық басталды
445
оқылды

Бүгін Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алғашында сағат 15:00-ге белгіленген сот отырысы конвойдың кешігуіне байланысты сағат 16:00-ге шегерілді. Бірақ сот ғимаратына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот залына кіргізілмеді. Қоғамдық резонанс тудырған істің не себепті жабық форматта өтіп жатқанына қатысты әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде қаза тапқан. Аталған дерек бойынша күдікті ретінде Ербол Кәукетай ұсталған.

Тергеу амалдары 2026 жылдың қаңтар айының басында аяқталып, іс сотқа жолданды. Атышулы қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева қарап жатыр.