Іс-шара аясында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары еліміздің мәдени мұрасы, дәстүрлері мен заманауи өнерімен танысуға мүмкіндік алды.
Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті
Фото: gov.kz
210
оқылды

Қатар мемлекетінде Қазақстан Республикасының мәдениет күндері мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Негізгі іс-шаралар Дарб әл-Сағи мәдени-тарихи орталығында өтті. Мұнда сәнді-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық әрі заманауи дизайнерлік жұмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің экспозициясы ұсынылды.

Бағдарлама барысында ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлері көрсетілді. Оның ішінде шетелдік көрермен садақ ату, құсбегілік және қазақтың тазы тұқымды иттерімен аңшылық өнерімен, көшпелі өркениет мәдениетімен тереңірек танысты.

Көпшіліктің көңілінен шыққан мәдени іс-шаралардың бірі отандық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерт болды. Атап айтсақ,  Mezzo  вокалдық тобы мен «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі әлемдік классика мен ұлттық музыкалық мұраны үйлестіріп, ерекше туындылар ұсынды.

Қатардағы Қазақстан мәдениет күндерінің ұйымдастырылуы екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтып, отандық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етті. Алдағы уақытта Қазақстанда Қатар мемлекетінің мәдениет күндерін өткізу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.