Коронавирустың кесірінен бокстан іріктеу турнирі Қытайда өтпейтін болды
Коронавирустың кесірінен бокстан іріктеу турнирі Қытайда өтпейтін болды
Фото: Интернеттен алынды
540
оқылды
«Халықаралық Олимпиада комитетінің бокс бойынша жұмыс тобы мен Қытайдың Олимпиадалық комитеті Ухандағы коронавирус инфекциясының таралуын жіті қадағалауда.
Спортшылар мен ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3-14 ақпан аралығына жоспарланған 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Тынық мұхиты елдерінің боксшыларын іріктеуді кейінге қалдыру шешімі қабылданған болатын. Іріктеу турнирі өткізілетін жаңа мерзім – 3-11 наурыз.
Қазіргі кезде жарысты өткізетін орын қарастырылуда. Бір анығы, турнир Қытайда ұйымдастырылмайды. Жұмыс тобы турнирді қабылдайтын мемлекет пен қаланы анықтаған кезде барлық Ұлттық Олимпиадалық комитеттер, ұлттық федерациялар мен ресми тұлғалар хабардар етіледі» делінген ХОК-тың ресми хатында. Айта кетейік, бокстан Токио Олимпиадасына алғашқы іріктеу турнирі 20-29 ақпан аралығында Африканың батысындағы Сенегалда өтеді.