42 500 теңгені тек қана төтенше жағдайда жұмыссыз қалғандар ғана алады – Еңбек министрі
42 500 теңгені тек қана төтенше жағдайда жұмыссыз қалғандар ғана алады – Еңбек министрі
Фото: Интернеттен алынды
397
оқылды
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені нақты кімдер алатынын айтты. Министрдің айтуынша, төтенше жағдайға дейін әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аударғандар ғана алады. Бұл үшін Телеграм-бот каналы іске қосылды.
«Барлық жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда (жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем жасайтындар) елде төтенше жағдай режимі жарияланғанға дейінгі соңғы 12 айда кем дегенде бір рет әлеуметтік аударым жасалуы керек. Бұрындары да осылай болды емес пе? Ал ресми емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ешқашан әлеуметтік аударым жасалмағандықтан, оларға бірыңғай жиынтық төлем жасау жеткілікті екенін айттық. Әлде олай емес пе еді? Барлығы сол күйінде. 3 сәуірде шыққан бұйрықта ештеңе өзгерген жоқ», –  деді министр.