Үстемеақы алмаған медицина қызметкерлерінің бәріне сыйақы төленеді – Біртанов
Үстемеақы алмаған медицина қызметкерлерінің бәріне сыйақы төленеді – Біртанов
Фото: Интернеттен алынды
293
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үстемеақыдан қағылған медқызметкерлердің ақшасын төлеуді бұйырды. Министрдің айтуынша, Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті министрліктің коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің үстемеақысы туралы бұйрығын қате тәпсірлеген. Инфекциялық стационардың дәрігерлері, медбикелер, кіші медициналық қызметкерлер үстемеақы төленетін 1-санаттағы тұлғаларға жатады.   [caption id="attachment_34561" align="alignnone" width="960"] width= Фото: Министрдің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption]
Facebook парақшасында Елжан Біртанов: «Басқарма мен емхана басшылығына ертең таңертең қателікті жөндеп, бекітілген бұйрыққа сай үстемеақы төлеуді тапсырамын. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығына осы мәселені бақылауға алып, орындалуын қадағалауды сұраймын. Бұл қолайсыздықтар үшін кешірім өтінемін. Facebook-ке қазір қолым жетіп, әріптестерімнің өтінішін енді оқыдым», – деп жазды.
Айта кету керек, бүгін Алматы коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес үстемеақы ала бастады.