Президенттікке үміткер Тоқаевтың штабы құрылды
Президенттікке үміткер Тоқаевтың штабы құрылды
574
оқылды

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті. Оған кандидаттың сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар сенімді өкілдер қатысты.

3 мамыр күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін оның сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа тапсырды. Осы шешімнен кейін кандидаттың республикалық қоғамдық штабы құрылып, ол заңға сәйкес 11 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бүгінгі брифингте Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына Nur Otan партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы құрылғанын, оны басқаруды кандидат өзіне тапсырғанын және аталған штаб пен бірге аймақтық және аумақтық штабтардың да жасақталғанын айтты. Сондай-ақ партия тәжірибесінде алғаш рет Президент сайлауы кезінде қоғамдық штабтың «Team Qazaqstan» жастар қанаты да құрылып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының құрамында 187 адам бар. Оның 33-і аталған жастар қанатының құрамында.

Сонымен қатар жиында еліміз бойынша 227 қоғамдық штаб құрылғаны айтылды. Оның 17-сі – облыстық, 37-сі – қалалық және 173-і аудандық деңгейде жұмыс істейді. Аймақтық және аумақтық штабтардың құрамына 5766 адам енсе, оның 1267-сі жастар қанатының өкілдері.

БұданбасқабүгінгібрифингтеқоғамдықштабтардыңжұмысынжүйеліжүргізудіқамтамасызетуүшінРеспубликалық, аймақтықжәнеаумақтықштабтардыңаппараттарыжасақталып, оған 2897 адамныңенгені айтылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде 19502 адам тіркелді. Одан бөлек, кандидаты қолдау мақсатында еліміз бойынша 315512 қол жиналғанын да атап өткен жөн.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен бірге кандидаттың сенімді өкілдері, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері: белгілі қоғам қайраткері, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Байгенжин, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Абылай Мырзахметов, қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жүргізушісі, блогер Әйгерім Есенәлі сөз сөйлеп, алдағы саяси науқанға тас-түйін дайын екендерін жеткізді.