СOVID-19: Шығыс Қазақстанда 1 адам қайтыс болды
СOVID-19: Шығыс Қазақстанда 1 адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
248
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1979 жылы дүниеге келген. «13 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, тағы 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, Қызылорда облысында 1, Алматы қаласында 7, Нұр-Сұлтанда 2 адамнан COVID-19 табылған» делінген хабарламада. Бүгінгі таңда елде 961 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында –  172 адам, Қарағанды облысында –  65 адам, Ақмола облысында –  71 адам, Атырау облысында –  59 адам, Жамбыл облысында –  46 адам, Шымкент қаласында –  38 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  6 адам, Алматы облысында –  21 адам, Ақтөбе облысында –  11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  25 адам, Павлодар облысында –  10 адам, Маңғыстау облысында –  10 адам, Қызылорда облысында –  119 адам, Батыс Қазақстан облысында –  9 адам, Түркістан облысында –  43 адам, Қостанай облысында –  3 адам.