«Канелоның» жекпе-жегінен қайтқан мексикалықтар отырған ұшақ апатқа ұшырады
«Канелоның» жекпе-жегінен қайтқан мексикалықтар отырған ұшақ апатқа ұшырады
386
оқылды

Ұшақты іздестіру жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылыпты

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекті тамашалап қайтып бара жатқан мексикалық жолаушылар отырған ұшақ апатқа ұшырады.

Bombardier Challenger 601 жеке жолаушылар ұшағы Мексика территориясында құлаған күйінде табылған. Құтқарушылар лайнер қалдықтарын Коауил штатының тауларынан тапқан. Ұшақты іздестіру жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылыпты. Апаттан 14 адам қаза тапқан. Оның 11-і жолаушылар болса, үшеуі – экипаж мүшесі.

Бұған дейін лайнердің 5 мамыр күні шамамен 19:00 шамасында радардан жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған. Боксшы «Канело» апаттан қаза тапқандарға қайғырып көңіл айтқан.

«Әуе апатынан қаза тапқандарды естіп қатты қайғырып отырмын. Мені қолдаған жандарды, әсіресе жекпе-жегімді көру үшін алыстан сапарлап келгендерді ерекше қадірлеймін. Қаза тапқандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын» деп жазды Твиттерде.

Еске салсақ, аталған жекпе-жекте "Канело" Джейкобсты ұпай санымен жеңген еді.