Қазақстан қолдауын маңызды деп тапты
Қазақстан қолдауын маңызды деп тапты
537
оқылды

Еліміздің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтарын қорғау және ынталандыру мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашысы Ф.Ни Аолаинмен кездесті. Аолаин ханым Қазақстанға ресми сапармен келді.

Жүздесу барысында Қазақ­стандағы адам құқықтарын ­қам­тамасыз ету, құқық қорғау са­ла­сындағы мемлекеттің мін­дет­­те­мелерін жүзеге асыру, мем­лекеттік органдар мен азаматтық қоғам­ның осы бағыттағы өзара іс-қимылы мәселелері талқы­ланды.

Тараптар барлық көріністегі экстремизмнің таралуына септе­сетін фактор туралы және осы құбылыстың профилактикасы ретінде ретінде адам құқықтарын қамтамасыз ету керектігі жайында пікір алмасты.

Омбудсмен халықаралық са­рапшыны ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің негізгі ба­ғыттары мен ерекшеліктері жө­нінде, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан жан-жақты жаңғырулар аясында, Қазақстандағы мемле­кеттік-құқықтық жүйедегі оның рөлі мен орны туралы хабардар етті.

Фионнуала Ни Аолаин Қа­зақстанның халықаралық анти­террористік тетіктерді жетілдіруді, оның ішінде халықаралық терро­ризмге қарсы күрес туралы жал­пыға ортақ Конвенцияны қа­былдауды қолдауының маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бо­йынша омбудсменнің БҰҰ-ның мамандандырылған құрылым­дарымен нақты құқық қорғау бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыру қажеттігі туралы ортақ пікір айтылды.


Ерік ЕРДЕНҰЛЫ