Баландин тағы да жүлдегер
Баландин тағы да жүлдегер
394
оқылды

Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлде жеңіп алды.

Баландин аталған қашықтықты 2:10,73 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, үздік үш­тікке енген. Әлемдік турнирдің бұл кезе­ңін­де ресейлік Антон Чупков тағы да көш бастаған. Оның уақыт көрсет­­­кіші – 2:08.23. Екінші орында 2:08,61 нәтижесімен жа­пон­дық Иппэй Ватанаба. Айта кетелік, тап осы жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың ие­ге­рі (2:06,67). Аралас эстафетада Дмитрий Баландин екінші рет қола медаль иеленді.

Енді Дмитрий Баландин әйгілі америкалық бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттыға­тын болады. Сало әлемдегі ең табысты бапкер­лердің көшін бастайды. Аты аңызға айналған бапкер Баландинмен қатар Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай есімді қазақ­стандық спортшы­ларға да тәлім үйретпек. Ол өз карье­расы барысында ондаған әлем чем­пионда­ры мен жүлдегерлерін және олимпиада ойындарының жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған.