Карантинде жатқан қыздар алданды, ал олардың атына несие рәсімдеген «мачо» ұсталды
Карантинде жатқан қыздар алданды, ал олардың атына несие рәсімдеген «мачо» ұсталды
©А.Ахметқазы
810
оқылды
Жамбыл облысында карантин кезінде алаяқтықтың жаңа түрі белең алуда. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі арқылы қыздардың сеніміне кірген жігіт олардың атына несие рәсімдеп, талайды сан соқтыруда. Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының іздестіру шараларынан кейін 37 жасар азамат қолға түсіп отыр. Ол әлеуметтік желілер арқылы қыздармен басқа адамның атымен танысқан. Сеніміне кіргеннен кейін айлық жалақысын аудару үшін қыздардың банк карточкасының нөмірін сұраған. Махаббатқа масайған бикештер есеп шоты туралы барлық деректерді беріп, соңы бармақ тістеген. Күдікті 5 қыздың атына бас-аяғы 1 069 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген. Ұсталған азамат қазір өзінің толық кінәсын мойындап отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Облыстық полиция департаменті карантин кезінде үйде отырған қыздардың өздеріне барынша сақ болуы қажеттігін ескертеді.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы.