«Коронавирус індеті шарықтау шегіне жеткен жоқ» – Қасым-Жомарт Тоқаев
«Коронавирус індеті шарықтау шегіне жеткен жоқ» – Қасым-Жомарт Тоқаев
315
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі аккаунтында еліміздегі коронавирус дерті жайында жазба қалдырды. «Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ», деп жазды Президент. Ол сондай-ақ карантин ережелерін қатаң сақтау керектігін жеткізді. «Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет» деп түйіндеді Мемлекет басшысы.