Еуразия кеңістігіндегі елеулі мәселелер
Еуразия кеңістігіндегі елеулі мәселелер
5,505
оқылды
22 мамырдан бастап үш күн қатарынан дәстүрлі Еуразиялық медиа форум өтеді. Айтулы шара биыл 16 рет ұйымдастырылып отыр. Күллі Еуразия кеңістігіндегі еркін пікір алмасатын алаңға айналған форумға жыл сайын 60 елден 500-ден астам делегат қатысады. Айта кететін бір жайт, биыл спикерлер құрамында белгілі саяси қайраткер, қазіргі АҚШ президенті әкімшілігінің ең беделді қызметкерлерінің бірі болған Стивен Бэннон және өзге де беделді тұлғалар бар.

Стивен Бэннон – АҚШ президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бұрынғы бас маманы. Ол ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеу бойынша магистр дәрежесін Джорджтаун университетінде және іскер әкімшілік магистр дәрежесін Гарвард университетінің Бизнес мектебінде алған. Сондай-ақ әскери-теңіз күштерінің офицері, АҚШ-тың «Пол Фостер» әскери кемесінде Тынық мұхиты, Аравия теңізі, Парсы шығанағында әскери міндетін өтеген. Пентагонда әскери-теңіз операциялары бойынша қолбасшының арнайы көмекшісі қызметін атқарған. Бэннон мырза – мадақталған бірқатар деректі фильмдердің режиссері, ақпараттық Breitbart News веб-сайтының атқарушы төрағасы.

Банктік Goldman Sachs конгломератының бірігуі мен сіңіруі бойынша маман ретінде жұмыс істеген. «Азаматтар – Америка Республикасы үшін!» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы. Сонымен бірге, билікті асыра пайдалану мәселелерін бойынша іс жүргізетін Заң үстемдігі қоғамының төрағасы. Ол бүкіл әлемдегі қоғамдық саяси белсенділік пен танымал ұлттық идеяларды қолдайтын Еуропа, Оңтүстік Африка мен Азиядағы The Movement ұйымының негізін қалаушылардың бірі болған. Еуразиялық Медиа форум аясында Бэннон 24 мамыр күні «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі» панельдік сессиясына қатысады. Басты міндет – халықаралық қатынас жүйесінің жаңа тиімді және тұрақты моделін іздеу. Одан бөлек, сессияға аустриялық мемлекеттік және саяси қайраткері, Еуропалық Одақтың сыртқы байланыстары мен Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, ұлыбританиялық саясаткер, журналист Джордж Гэллоуэй, жаһандық тәуекелдер мен мемлекеттер бойынша талдаушы, мәдени дипломатия сарапшысы, жазушы және комментатор Джереми Кеттнер, АҚШ президентінің көмекшісі Д.Картера орынбасары, Демократиялық партия Ұлттық комитетінің атқарушы директоры Марк Сигел, ресейлік журналист, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман, CGTN бағдарламаларының авторы және жүргізушісі Стивен Коул қатысады. Форумның биылғы теглайны – «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы». Алдағы конференция барысында әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Күн тәртібінде жаһансыздандыру процесінің, тұтынудың терең бойлап бара жатқан дағдарыс проблемалары, сондай-ақ халықаралық құқық мәселелері мен жасанды интеллект қолданудағы сын-қатерлер кеңінен талқыланады. Форум шеңберінде медиа саласындағы кәсіби тақырыптар – сандық әлемдегі журналистиканың болашағы және блогосфера ықпалының өсуі көтеріледі. Орталық Азияның жетекші тәуелсіз диалог платформасы ретінде Еуразия Медиа форумының (ЕАМФ) басты миссиясы – Қазақстанның, Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша саясаткерлердің, журналистер мен сарапшылардың еркін және ашық диалогына жағдай жасау.