Алтынсарин ауданына барды
Алтынсарин ауданына барды
5,377
оқылды

«Ақ жол» партиясы атынан сайлауға түсетін үміткер Дания Еспаева Қостанай облысының Алтынсарин ауданында сайлаушылармен кездесті. Аталған үгіт-насихат шарасына Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, сонымен бірге канди­дат­тың сенімді өкілдері мен «Ақ жол» партиясының өңірлік активі қатысты.

Дания Еспаева аудан халқын өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныс­тырды. Кандидат сол өңірдегі бірнеше кәсіпорынға барды: «Темте» шаруа­шы­лығы, машина-трактор шеберханасы, «Олжа Белявка» серіктестігінің жұмыс­шыларымен, ауыл жұртымен кездесіп, сайлауалды бағдарла­масындағы шағын және орта бизнесті қолдау шараларымен таныстырды. Күннің екінші жартысында «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен елі­міздегі ESSIL астық жинау комбайндарын шығаратын бірден-бір «Агромаш­хол­динга» компаниясының еңбек ұжым­дарымен жүздесті.

Компанияның елімізде 8 филиалы мен 11 өкілдігі жұмыс істейді. Еспаева бағдар­ламасында экономиканың әлеуетті салаларында – ауылдағы шаруашы­лық­тар, қайта өңдеу, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі мен машина жасау саласында қосымша құн салығын азайту туралы ұсы­ныс жасағанын жеткізді. Үміткер, сондай-ақ ауылдағы мектеп ұжымымен де кез­десті. Одан бір күн бұрын «Ақ жол» пар­тиясының Атырау облыстық филиалы – ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның аймақтық штабы «Рауан Налко» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

«РауанНалко» ЖШС – мұнай-газ өндірісіне арналған химиялық реагент­терді өндіруші, әлемнің 160 елін қамти­тын халықаралық «Налко Чемпион» ком­паниясымен бірлескен отандық кәсіпорын. Кездесуді «Рауан Налко» ЖШС директоры Б.Әжіғалиев ашты. Бұдан кейін партияның облыстық филиалы жетекшісі Е.Юсупов партияның бағыт-бағдарымен, сайлауалды мақсат­тарымен бөлісті. Кездесуде, сондай-ақ облыстық филиалдың саяси жетекшісі Ә.Төлеуішов, облыстық саяси кеңестің мүшесі С.Ерубаев сөз сөйледі. Кәсіпорын жұмысшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

 

Айдана БЕГІМ