Бензема: Зидан менің отбасымның бір мүшесіне айналып кетті
Бензема: Зидан менің отбасымның бір мүшесіне айналып кетті
473
оқылды

Шабуылшы биыл 52 матч өткізіп, 30 гол соқты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема бас бапкер Зинедин Зиданмен қарым-қатынасы туралы және өзінің корольдік клубтағы карьерасына байланысты да пікір білдірді.

«Біздің Зиданмен қарым-қатынасымыз өте мығым. Байланыс бұрын басталған. Мен онымен ол бапкер боламын дегенше таныстым және ол маған үнемі көмектесіп келе жатыр. Біз футбол туралы да, өмір туралы да сөйлесеміз. Ол менің ағам сияқты. Бұл достықтан да жоғары тұрады, тіпті отбасымның бір бөлшегіне айналды десем де болғандай.

«2009 жылдан бері «Реалдағы» карьерам ғажайып жағдайда өрбіп жатыр. Осы уақыт ішінде жеткен жетістігім үшін мақтанамын. Бұл клубта ойнау маған ұнайды. Биылғы маусым қиынға соқты, өйткені біз ешқандай трофей иелене алмады. Бірақ жеке өзіме қатысты айтар болсам, бәрі жақсы. Клубпен бірге дамуды жалғастырамын» дейді Бензема. Оның бұл сөзін AS ақпарат көзі келтіреді.

Бензема биыл «Реал» сапында барлық турнирлерде 52 матч өткізіп, 30 гол соғып, 11 нәтижелі пас шығарды.