ТЖ бойынша Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын - Тоқаев
ТЖ бойынша Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын - Тоқаев
© сурет интернеттен алынды
363
оқылды
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Бұл туралы бүгін Ақорда жариялаған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылды. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.
"Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн. Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады", - деді Президент.
Айта кетелік, бүгін елімізде жарияланған төтенше жағдай мамыр айының 11-не дейін ұзартылатыны белгілі болды.