3,5 сағат ауыз бекітетін ауыл жайлы ақпарат – жалған
3,5 сағат ауыз бекітетін ауыл жайлы ақпарат – жалған
492
оқылды
2016 жылдан бері әлеуметтік желіде және түрлі сайттарда Рамазан айында 3,5 сағат қана ауыз бекітетін Омандағы Уикан ауылы жайлы мәлімет тарап кетті. Алайда осы елдің Қайырымдылық және дін істері жөніндегі министрліктің қызметкері 2016 жылы The Times of Oman газетіне: «Бұл мүмкін емес. Кейбір таулы аудандарда күнді көру қиын болса да, бұл күн шықпады дегенді білдірмейді», – деп жоғарыда айтылған мәліметтің жалған екенін растаған. Уикан ауылы Оман астанасы Маскат қаласынан 150 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте, яғни таулы мекенде орын тепкен ауыл. Бұған дейін таулы ауданда жайғасқан ауылда күн таңғы 11-де атып, 14:30-де кеш батады. Осылайша, ауыз бекіту мерзімі 3,5 сағаттан аспайды деген ақпар тарағаны еді. Оман астанасы Маскат қаласында 27 сәуір күні ауыз бекіту ұзақтығы 14 сағат 21 минутты құрайды.