Компьютер ойындарынан болатын ауытқу ауру түріне жатқызылды
Компьютер ойындарынан болатын ауытқу ауру түріне жатқызылды
372
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы компьютер ойындарына тәуелді болып қалатындардың дертін «ойыннан бұзылу» деген диагнозбен ауру түрлерінің халықаралық классификациясына енгізді. ДДҰ-ның мүшелері бұл шешімді Женевада өткен 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында қабылдады.

Халықаралық ұйымның аурулардың халықаралық классификациясына, әдетте, клиникалық зерттеуге жататын ауруға ұшыраған адам толыққанды емделетін  ауру түлері енгізіледі.

2022 жылы күшіне енетін ауру түрлерінің жаңа классификациясында «ойыннан бұзылу» диагнозы жеке, отбасылық, әлеуметтік, білім, кәсіби және басқа да қызмет етудің маңызды саласында «табанды және қайталанатын ойындық мінез-құлық» деп сипатталады. ДДҰ пікірінше, бұл дертке ұшырағандар үшін өмірлік мүдде мен күнделікті қызмет маңызды болмай қалады, ойынға тәуелділік туындаған түрлі теріс салдарға қарамастан ойынды жалғастыруға бейім тұрады дейді.

«Ойыннан бұзылу» ауру түрін ауру түрлерінің ресми тізіміне енгізуге әлемдегі компьютер ойындарын жасаушылар қарсылық білдіріп үлгерді, олар ДДҰ-на бұл шешім жеткілікті сенімді дәлелге негізделмеген, сондықтан ұсыныс қайта қаралуы керек деп санайды.