Сотталған «Құбыжықтың» қолынан қаза тапқан түрме қызметкерінің отбасына көмек көрсетті
Сотталған «Құбыжықтың» қолынан қаза тапқан түрме қызметкерінің отбасына көмек көрсетті
Фото: Интернеттен алынды
5,358
оқылды
Отан қорғаушылар күні Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері осыдан 10 жыл бұрын қызметік міндетін атқару кезінде қайтыс болған ЕЦ-166/24 мекемесінің қызметкері Ольга Васильевскаяның отбасында болды. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар заң колледжін үздік бітірген Ольга Васильевская Көкшетау қаласындағы қоныс колониясында жасақ бастығы болып қызмет атқарды. Рухы мықты, адал да ержүрек, қайсар қыз өзінің жастығына қарамастан, жұмысқа деген талапшылдығы мен еңбекқорлығының арқасында әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болды. Лейтенант Ольгаға әріптестерінен бөлек, сотталғандар да құрметпен қарайтын. Алайда, оның өмірі қысқа болды. Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан «Құбыжық» атты сотталушының қолынан көз жұмды. Отан қорғаушы күні Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері Ольга Васильевскаяның отбасына барып, анасы Елена Константиновнаға материалдық көмек көрсетті.
«Біз Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы антқа адал, досқа берік әріптесіміздің жарқын бейнесін ұмытпаймыз. Ол осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатты. Спортты сүйді, мансабын жақсы құруға тырысты. Ол туралы әріптестері тек оң сөздер ғана айтады», – деді қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.
Ольганың өмірден озғанына 10 жыл өтсе де, оның жарқын бейнесі ұмытылмайды.   түрме, Павлодар, Ольга Васильевская Бүгінгі таңда департамент аумағында оған ескерткіш мемориал тақта орнатылған. Оның құрметіне жыл сайын департамент қызметкерлерінің қатысуымен баскетболдан жарыс ұйымдастырылып тұрады. «Ол спортқа жақын қыз болатын, волейбол, баскетболды жақсы көретін, Павлодар заң колледжінде волейбол командасы капитаны болды», – деп еске алды кадрлар қызметі бөлімшесінің бастығы Динара Мұстафина. Анасы Елена Константиновна өзін қолдап келген Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне аналық алғысын айтты.