Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
329
оқылды
Жыл басынан бері Қазақ­станның 54 қаласының тұр­ғын­ы Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс сомасы өткен жыл­дың ұқсас мерзімімен салыс­тыр­ғанда 2 есеге өскен. Kaspi.kz басшысы Михаил Лом­тадзе бұл туралы пікір білдірді: «Біз онлайн сатып алу бұдан да тиімді, ыңғайлы болу үшін Kaspi.kz-тегі Магазинді дамыту­дамыз. Біздің команда тұрақты түрде ассортиментті ұлғайтып, жаңа се­ріктестер қосып, бүкіл ел аумағына жеткізу ауқымын ұлғайтуда. Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қа­ласының тұрғыны 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс саны өткен жылмен са­лыс­тырғанда 2 еседен жоғары не­месе 116%-ға өсті. Сәуірдің екінші жартысында біз тапсырыстарды өз есебімізден тегін жеткіздік, бұл ка­рантин мен төтенше жағдай кезінде аса маңызды болды. Сондай-ақ біз сәуірде онлайн сатып алуды бұдан да тиімді жасап, сүйікті клиентте­рімізге Kaspi Gold пен Kaspi Red арқылы сатып алған әрбір зат үшін 10% бонус сыйладық». «Пандемия жағдайында және вирустың таралу қаупі жоғары кезде жеткізу мүмкіндігімен онлайн са­тып алу көптеген қазақстандықтар үшін тек ыңғайлы және қажетті ға­на емес, біздің серіктестерімізге сату көлемі мен жұмыс орнын сақ­тап қалуға көмектесті. Біздің ко­манда Пре­зидент жанындағы тө­тенше жағдай жөніндегі Мем­лекеттік комис­сия­ның қолдауымен және әкімшілік­тердің жанындағы же­дел штабтар, серіктестер мен ку­рьер­лік қызмет­термен бірге жет­кізу жұмыстарын ұйымдас­тырып, қа­зақстан­дықтар­дың үйден шық­пастан, қауіпсіз жағдайда зат сатып алуы үшін барын салды. Біз­дің ко­манда және сүйікті клиент­тері­міздің атынан бүкіл ел аума­ғында, әр­бір қалаға онлайн сатып алған зат­ты жеткізу қызметін ­ұйым­­­­дастыруға көмектескен әр адамға алғыс айтамыз» деп атап өтті Михаил Ломтадзе.   Өткен жылдағы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 2020 жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуірі аралығындағы Kaspi.kz-тегі Магазиннің негізгі нәтижелері:  

САТУ

  • Биылғы жылдың алғашқы 4 айында тапсырыс сомасы 103%-ға өсіп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 34 миллиард теңгемен салыстырғанда рекордтық 69 миллиард теңгеге жетті.
  • Тапсырыс саны 2 есеге, 417 000-нан 900 000 жетті. Өсім 116%.
  • Барлық тапсырыс арасында Kaspi.kz мобильді қолданбасы ар­қылы рәсімдеу көлемі ұлғайып, өткен жылғы 83%-бен салыстыр­ғанда 94%-ға жетті. Kaspi.kz мо­бильді қолданбасы арқылы сатып алуды таңдайтын қазақстандықтар көбейіп келеді.
   width=  

ТАУАР ТҮРЛЕРІ 

  • Сәуір айында Kaspi.kz-тегі Магазинде ұсынылған тауар саны өткен жылдың сәуіріндегі 130 000-нан ұлғайып, 220 000-ға жетті.
  • Сұранысқа ие жаңа санаттар пайда болды – киім, аяқ киім, жат­ты­ғу жабдықтары, спорт тағам­дары, де­­коративті косметика, жөн­деуге ар­налған құралдар, құрылыс жаб­дық­тары мен жануарларға ар­нал- ған та­уарлар және басқа да заттар.
  • Тапсырыс көлемі бойынша ТОП 10 көшбасшыға үй мен саяжай заттары (+464%); спорт пен туризм (+406%); құрылыс пен жөндеу (+394%); бос уақытта өткізу мен кітаптар (+379%); әшекейлер мен аксессуарлар (+231%); сән мен ден­саулық (+176%); ТВ, аудио, видео (+172%); компьютерлер (+166%); жиһаз (+141%); балалар тауарлары (+129%) сынды санаттар кірді.
  • Карантин мен төтенше жағдай кезінде 2020 жылдың сәуірінде 2020 жылдың наурыз айымен салыстыр­ғанда шаш кесу құралдары (+716%), газоншапқыш (+477%), еден та­разылары(+363%), секіргіш жіп пен гантельдер (+351%), асүй та­разысы мен пісіруге арналған фор­малар (+277%) жоғары сұраныста болды.
 

СЕРІКТЕСТЕР

  • Kaspi.kz-тегі Магазин арқылы тауар сататын компаниялардың 80%-ы шағын және орта бизнес нысандары
  • Kaspi.kz түрлі тауар өндіруші қазақстандық компаниялармен белсенді жұмыс істейді. Өткен жылдың сәуірінен бері электронды коммерцияның үздік платфор­ма­сына ADILI (аксессуарлар), Астау (ыдыс-аяқ), Balausa jewelry (әшекей бұйымдары), BEKZAT sport (спорт тауарлары), VEGA (сән бұйымдары мен әшекейлер), GLASMAN (киім), DiDi Style (киім), EMPIRE (суве­нир­лік заттар), Казахювелир (әше­кей заттары), KresloComfort (жиһаз), MIMIORIKI (балалар тауары), OTAN (сағаттар), ОЮ (кілем), SMAN (аяқ киім) және басқа да қа­зақстандық танымал брендтер мен компаниялар қосылды.
  • Өткен жылдың сәуірінен бері Kaspi.kz-те adidas, BOSCH, CASIO, Columbia, DECATHLON, DeFacto, MANSOON, Marks & Spencer, Mila­vitsa, Nike, Reebok және басқа да танымал халықаралық брендтер сатыла бастады.
 

ЖЕТКІЗУ

  • Жыл басынан бері алғашқы 4 айда өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда жеткізілген тапсырыс көлемі 3 еседен асты. Kaspi.kz жет­кізу қызметі аясында Қазпошта, DHL, DPD, Gallop, Pony Express мен Zammler сынды жетекші курьерлік алты компаниямен серіктес.
  • Сәуірдің екінші жартысында Kaspi.kz жеткізуді тегін жасады және өз есебінен бүкіл ел аумағына 240 000 тапсырыс жеткізді. 2020 жылдың сәуір айында компания күн сайын 2019 жылдың қараша айындағы Kaspi Жұма тиімді сатып алу мере­кесінің барлық уақытынан да көп тапсырыс орындады.
  • Kaspi.kz жоспарлы түрде қала­лар санын ұлғайтуда және 2019 жыл­дың сәуіріндегі 34 қаламен салыс­тырғанда 2020 жылдың сәуір айында Қазақстанның 54 қаласына зат жет­кізді. Енді Ақсу, Алтай, Арал, Арыс, Байқоңыр, Бейнеу, Жаркент, Зайсан, Каратау, Кентау, Қордай, Лисаковск, Риддер, Саран, Степно­гороск, Те­келі, Шардара мен Шу қа­лаларының тұрғындары сатып алу­мен бірге жеткізу қызметін пайдалана алады.
  • Тапсырыс бойынша Түркістан (+436%), Жетісай (+399%), Балқаш (+362%), Қапшағай (+358%) және Ақсай (+354%) қалалары ең жоғары өсім көрсетті.
  • Жеткізу қызметі бойынша ең жоғары үлес Алматы (34%), Нұр-Сұлтан (14%), Шымкент (6%), Қара­ғ­анды (6%) және Ақтөбе (4%) қа­лаларында. Бұл ТОП 5 қаланың үлесі барлық жеткізілген тап­сырыс­тардың 64%-ын құрайды.