Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді
391
оқылды
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президентті ұлықтау рәсімінде жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конститутцияға қолын қойып тұрып Қазақстан халқына ант берді. 

– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ант беру рәсімінен кейін Қазақстан Республикасының гимні орындалып, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы тоғызыншы маусым күні өткен президенттік сайлауда дауыс берушілердің 70,96% даусын жинап, жеңіске жеткен болатын.