Жоба негізі – жолдау
Жоба негізі –  жолдау
325
оқылды

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өткен жылғы Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Жоба міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесін дамытуға; ең­бек өтілі мен төлем мөлшер­лері арасындағы өзара байла­ныс­ты күшейтуге; халықтың мін­детті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесіне қатысуын ынталан­дыруға бағытталған.

Ондағы жаңашылдықтар ең­бекке қабілеттіліктен айы­рылу, асы­раушысынан айы­рылу, жұ­мысынан айырылу жағдай­ла­рын­да Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры­нан төленетін әлеуметтік төлемдерді арт­тыру­ды қарас­тырады. Атап айтқанда, ме­дициналық-әлеуметтік сарап­тамаға сәйкес, еңбек қабілет­тілі­гі­нен айрылудың жеке дәре­же­сі­не қарай әр жағдайға жеке қа­рау тәсілі қолданылатын болады.

Асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді есеп­теу кезінде асыраудағы адам­дар санының қолданыстағы коэ­ф­фициенттерін арттыру жос­пар­лануда. Коэффициенттің өсуі 5-тен 20%-ға дейінгі ара­лық­­ты құрайды. Оның ең үлкен өсімі асыраудағы адамдар саны 3 және одан көп болғанда қол­да­нылмақ.

Бұдан бөлек, жүйеге қатысу өті­лі 5 жылға жеткеннен кейін жыл сайын өтіл коэффициентін 2%-ға арттырып отыру көзде­лу­де.

Жұмысынан айырылу бо­йын­­ша әлеуметтік төлемдерді есептеудің тетігі жетілдірілуде. Қа­тысу өтілі 5 және одан көп жыл­ды құрайтын адамдарға жұ­мы­сынан айырылу бойынша әлеу­меттік төлемдерді жұмысы­нан айырылу себебіне қарамас­тан, 6 айға дейін төлеу ұсыны­ла­ды.

Сондай-ақ заң жобасында кірісінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын кірісті алмастыру коэффиценті Халықаралық еңбек­ ұйымының ұсынымдарына сәйкес, 0,3-тен 0,4-ке дейін ұлғай­тылып отыр.

Осы күні Мәжіліс агроөнер­кә­­сіптік кешенді реттеу мәселе­ле­ріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта ұсынылған түзетулер өсімдіктерді қорғау және олар­дың карантині, ветери­на­риялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау және дамыту жөніндегі нормалардан тұрады. Тұтастай алғанда, құжат агроөнеркәсіптік кешендегі мемле­кеттік саясаттың тиімді­лі­гін арттыруға бағытталған.

Заң жобасы бойынша жұмыс барысында депутаттар жерді қа­шық­тықтан зондтау (ғарыш мо­ниторингі), аэрофототүсірі­лім­­нің, сондай-ақ жерүсті түсірі­лім­дер мен байқаулардың дерек­те­рін пайдалану арқылы, әсіресе, топырақ құнарлылығы­ның өзгеруіне және табиғи жем-шөп алқаптарының өсімдік қабаты жай-күйінің өзгеруіне байланысты процестер көбірек байқалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде оның ұтым­­ды пайдаланылуын бақы­лау тетіктерін жетілдіруге бағыт­талған түзетулер енгізді.

Сонымен қатар ветеринария­лық қызметтің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру үшін депу­тат­­тар бақылау-қадағалау функ­ция­ларын жергілікті атқарушы органдардан ветеринария сала­сын­дағы уәкілетті органның ведомствосына қайтару және жергілікті атқарушы органдар­дың аталған қызметінің құрылы­мын олардың тік бағынысты­лы­ғын құру арқылы өзгерту бойын­ша түзетулерге бастамашы болды.

Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап алды. Олардың қатарында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы; Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы екі ел шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының шекараны кесіп өту тәртібі туралы; Қазақстан мен Армения үкіметтері арасын­дағы азаматтық қорға­ныс, төтен­ше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласын­дағы ынтымақтастық туралы келісімге байланысты заң жоба­лары бар.