AIBA президенті қызметінен біржола кетті
AIBA президенті қызметінен біржола кетті
5,294
оқылды

Жақында ғана ХОК AIBA-ны мойындау мәртебесін алып тастады

Халықаралық әуесқой бокс ұйымының (AIBA) экс-президенті Ғафур Рахимов ұйым басшысы қызметінен түбегейлі кетті.

Бұған дейін өзбекстандық маман өз өкілеттілігін уақытша тоқтатып, президент міндетін Мұхамед Мұстасанға тапсырған еді. Ресей бокс федерациясының президенті Умар Кремлев өзбекстандық маманды қызметінен кетуге және боксшылар қауымдастығы алдында кешірім сұрауға шақырған. Оның айтуынша, Рахимов басқарған тұста ұйым банкротқа белшесінен түскен.

Халықаралық олимпиада комитеті де Рахимовтың AIBA-ны басқаруын әу бастан қолдаған жоқ. Тіпті Рахимов бұл қызметте отыратын болса онда бокс олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін деген де ақпар таратты. Жақында ғана ХОК AIBA-ны мойындау мәртебесін алып тастады. Бокс қауымдастығы бұл мәртебесін тек 2020 жылғы Токио олимпиадасынан кейін ғана қалпына келтіре алады.